2023 жылғы 18-19 қазанда Астана қаласында Қазақстанның XI Азаматтық форумы өтті

2023 жылғы 18-19 қазанда Астана қаласында Қазақстанның XI Азаматтық форумы өтті

2023 жылғы 18-19 қазанда Астана қаласында ҮЕҰ көшбасшыларының, Қоғамдық кеңестер төрағаларының, ҚР Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін - азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның XI Азаматтық форумы өтті.

 Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның стратегиялық мақсаты - әділ мемлекет құру үшін қоғамды біріктіруде мемлекеттің толыққанды және өзара тиімді серіктесі ретіндегі азаматтық сектордың рөлін айқындау.

Форум жұмысына Жетісу облысынан 12 делегат қатысты. Форум алаңдарында 7 сессия және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Қошановтың, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі К. Вавьернианың және ҮЕҰ-ның басқа да көшбасшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өткізілді. Форум соңында марапаттау рәсімі өтті. Облыстан «Таңдау» қоғамдық сыйлығының лауреаты «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» ҚБ жетекшісі Бакирова Динара Серікқызы, қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа «Жетісу облысының мүгедек адамдар облыстық қоғамы» ҚБ жетекшісі Барибаева Әсел Мақсұтқызы, «Абдрахимов» шаруа қожалығының басшысы Абдрахимов Мират Хаматайұлы, жеке кәсіпкер Әміреева Күлсара Сатанқызы, «Алакөл Көмір» ЖШС директоры Абдрахманов Елжан Кәрімұлы йе болды. ҮЕҰ үшін сыйлықақының жеңімпаздары Таубалдинова Гүлвира Джаумбайқызы – «Мейірім» ҚБ жетекшісі, Бакирова Динара Серікқызы – «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» ҚБ жетекшісі, Тифанциди Наталья Алексеевна – «Элефтерия» гректер қоғамы» ҚБ жетекшісі, Тулемисова Жанат Ержанқызы – «Тамшыбұлақ» ҚБ жетекшісі, Садуакасова Светлана Олеговна – «Талдықорған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік қоры» ҚҚ жетекшісі болып танылды.