
Ү.ж. 8 қыркүйекте Талдықорған қаласында Жетісу облысының жұртшылығы және жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт саласындағы бірқатар жобалар мен ұсыныстарды айтты.
Жетісу облысына «Қазақстан халқына» қоры 1,3 млрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті. Тағы да 1,4 млрд теңге сомаға қайырымдылық бастамаларын іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Қор төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева баяндады.
Облыста іске асырылған жобалардың қатарында - Аутизмі бар балаларға арналған орталық пен балалардағы патологияларды ерте анықтауға бағытталған Ерте араласу орталығы. Сонымен қатар, Облыстық балалар ауруханасы мен Сарқан орталық аудандық ауруханасының базасында оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда.