«Kemel urpaq» атты халықаралық жастар форумы өтті

«Kemel urpaq» атты халықаралық жастар форумы өтті

Жетісу облысында алғаш рет шетелде білім алған жастармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін «Kemel urpaq» атты халықаралық жастар форумы өтті.
Халықаралық форумда 100-ге жуық жас кино, педагогика және медецина тақырыбында шебелік сабақтарын алды.
«Jetisu jastary» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шарада АҚШ, Түркия, Еуропа, Қытай елдерінің беделді оқу орындарын бітірген және оқып жатқан жастармен офлайн және онлайн тәжірибе алмасу болды.
Форум спикерлерінің пікірінше шетелде қазақ менталитеті, салт-дәстүрі өзіндік қызығушылыққа, ерекшелікке ие.
«Шетелде мықты мамандар, креативті жатар көп. Алайда, оларға жаңа бейне, жаңа мәдениет қызық. Шетелге еліктеп өз менталитетімізден, салт-дәстүріден қашу бұрыс түсінік. Керісінше, өзіміздің мәдениетімізді қастерлеп, оны таныта білуіміз керек. Ол үшін бәсекеге қабітетті көп тілді меңгерген, тәуекелшіл жастар яғни біз көп еңбектенуіміз керек», - дейді АҚШ-тағы, New york film academy түлегі Атамұра Мұсаханов.
25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған жастар форумы келесі жылы да өз жалғасын таппақ.