
2023 жылдың 16 қазанында Талдықорған қаласындағы Достық үйі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті.
Аталған шараға этномәдени бірлестік төрағалары, мүшелері, белсенділері, Аналар кеңестері, «Ассамблея жастары» және аудан, қалалық, облыстық және республикалық медиаторлар қатысты.
Семинар – тренингте Республикалық медиация кеңесінің төрағасы Ш.Пулатов, республикалық кәсіби медатор, «Парасат» медиация және құқық орталығы» ЖМ тренері М.Адаев «Этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері. Медиация сессиясындағы зерттеу кезеңі», психолог – шиеленістанушы Р.Баймухаметова «Тұлға психодиагностикасы» тақырыбында қатысушылармен дәріс өткізіп, тренингтер ұйымдастырды.
Тренинг барысында пікір, тәжірибе алмасу, туындаған дауларды шешудің мысалдары келтіріліп, шешудің заманауи әдістері көрсетілді, медиацияны қолданудағы негізгі түсіндіру жұмыстары жүргізілді және медиатор қызметінің маңызды аспектілері тізбектелді.