"Zhas Rroject" жобасына қатысуға ниет білдірушілердің құжаттарын қабылдау басталды

"Zhas Rroject" жобасына қатысуға ниет білдірушілердің құжаттарын қабылдау басталды

"Zhas Project" - бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтардан, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды өз қоғамдастығының әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға көмектеседі.

Шағын гранттардың жалпы сомасы 28 млн. (жиырма сегіз миллион) теңгені құрайды. Конкурс аясында 28 жеңімпаз анықталады (14 - Жетісу облысынан және 14 - Шығыс Қазақстан облысынан), олар 1 000 000 теңгеге дейінгі сома көлемінде грант алады. ZhasProject шағын гранттары - бұл Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тұрақты немесе уақытша тіркелген, 18-35 жас аралығындағы жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған гранттар.

"Zhas Project "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылуда.

 

 

ZHASPROJECT (zhasproject-zhetysu-vko.kz)