«Қазақстанның жаңа тарихындағы идеологиялық бағдарлардың серпіні» атты республикалық форум

«Қазақстанның жаңа тарихындағы идеологиялық бағдарлардың серпіні» атты республикалық форум

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру мақсатында 9 қазан күні «Қазақстанның жаңа тарихындағы идеологиялық бағдарлардың серпіні» тақырыбында республикалық форум өтті.

Форум шеңберінде зерттеу ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің әлеуметтік зерттеу нәтижелері мен тәжірибелерінен құралған материалдар ұсынылып, Астана, Алматы қалаларынан шақырылған баяндамашылар аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлеріне, жастар орталығы мамандарына, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арналған 3 тақырыпта секциялық дәрістер оқыды.

Форум аясында облыс әкімінің орынбасары Р.Алидің, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының президенті Г.Илеуованың, Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ-нің профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы М.Садырова, «EL UMITI» қоғамдық қоры директорының кеңесшісі, «KAZAKHSTAN SOCIOLOGY LAB» әлеуметтанушылар мектебінің басшысы Ә.Сарсекееваның, тарих ғылымдарының магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің PhD докторанты М.Тлебалдиеваның қатысуымен пленарлық отырыс ұйымдастырылды.