Әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен кездесу

Әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен кездесу

Қазақстанда Мемлекет басшысының әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын атқаруға ынталандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2021-2025 жылдарға арналған этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде жас ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды, жағымды көзқарас пен сенімді  қалыптастыруда жаңа тәсілдерді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2023 жылдың 4 қазанында «Қоғамдык келісім» КММ ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Жетісу облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ өкілдерімен бірлесіп, әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен кездесу өткізді. Мақсаты - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызметке шақыру және атқару бойынша жастар арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және тәрбие жұмысын жандандыру. Талдықорған қаласының жастарымен өткізілген шараға барлығы 300 адам қатысты, оның ішінде 9 этнос өкілдері бар: қазақтар, орыстар, немістер, татарлар, ұйғырлар, шешендер, күрдтер, корейлер, әзірбайжандар. Спикерлер, Жетісу облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары - Басқарма бастығы, подполковник Р.Рахимбаев, Жетісу облысы Қорғаныс істері Департаментінің заң қызметінің бастығы, майор Е.Адырбаев, 5514 әскери бөлімі полк командирінің көмекшісі, Ұлттық ұлан, әділет лейтенанты Д.Сингаевский, «Облыстық орыс орталығының» ардагері Т.Трофимова әскери қызметтің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.