Бүгін Текелі қаласының тұрғындарымен болған кездесуде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевқа 20-дан астам сұрақ қойылды. Олардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық қатынастар, моноқаланы абаттандыру, медицина және әлеуметтік қолдау салаларына қатысты болды. Барлық сұрақтар мен ұсыныстарға түсініктемелер берілді, әрбір өтініш бақылауға алынып, кездесу хаттамасына енгізілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қаланың көп балалы аналары тұрғын үй жалдап отырғандықтан, материалдық қиындықтар туындап отырғанына шағымданды. Олардың барлығы - тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Оларға тұрғын үй заңнамасына сәйкес түсініктемелер берілді, яғни тұрғын үй кезек тәртібімен беріледі. Соның ішінде қолында мүгедек кішкентай баласы бар жалғызбасты ананың ауыр жағдайын ескерек отырып, өңір басшысы жас анаға меценаттардың көмегімен тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесетінін айтып, уәде берді.
Тұрғындар қалалық ауруханада ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына, атап айтқанда уақтылы диагноз қойылмайтынына шағымданды. Облыс әкімі денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшыларына әрбір шағымды егжей-тегжейлі жеке пысықтауды тапсырды. «Талдықорғанда ұсынылатын тегін оңалту қызметтерін алуына жағдай жасау керек. Жақында облыс орталығында үлкен спорттық-оңалту орталығы ашылды, онда қажетті тренажерлер бар, заманауи техникалық құралдар пайдаланылады. Бұл бір ғана мысал. Әрбір шағым бойынша қажетті қолдауды заңды түрде пысықтап, көмек көрсетіңіздер", - деп атап өтті Б.Исабаев.
Ауыз су мәселесінің шешілгеніне алғыс білдірген Текелі қаласының қоғамдық палатасының мүшесі Ирина Моисеева кезең-кезеңімен жөнделетін қала ішілік су құбыры желілері тозғандықтан, қалада бүкіл шағын аудандардың ажыратылатынын, қолданыстағы ысырмалар ескіргендіктен, қандай да бір нақты учаскені ажыратуға мүмкіндік жоқ екенін айтты. Облыс әкімі өз сөзінде осыған ұқсас мәселе Сарыөзек ауылында да болғанын жеткізді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының арқасында бұл мәселе шешілгенін айтқан Бейбіт Исабаев осы салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына тиісті тапсырма берді. Әсет Қанағатов тиісті орынға барғаннан кейін ысырмаларды ауыстыруға қатысты нақты ұсыныстар берілетінін, әзірге олардың шамамен 10%-ы ғана қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Тұрғындар №7 қоғамдық көліктің бағытын өзгерту мәселесін көтерді. Қала әкімі осы аптада Әуезов, Юдичев, Қаратал көшелерін қамту үшін жаңадан сатып алынған тағы 2 автобус маршрутқа шығады деп уәде берді. Облыс басшысы қажет болған жағдайда Текелі қаласында қоғамдық көлікті дамытуға көмек көрсетілетінін айтты.
Моноқаланың тағы бір тұрғыны ойын алаңдарының жай-күйі туралы айтты, бұл алаңдар екі жыл бұрын салынған. Бейбіт Исабаев атап өткендей, бұл тек Текелі қаласында ғана туындап отырған мәсесе емес, сондықтан оны бірден шеше алмайды. «Біз оны кезең-кезеңімен жасаймыз. Тұрғындармен бірігіп, ойын алаңдарын 3 санатқа бөліңіздер. Ең алдымен жағдайы өте нашарын жөндейміз. Жалпы, бірінші кезеңде қандай сомаға қанша алаңды жөндейміз, соны есептеп, маған айтыңыздар, келесі жылы қаражат бөліп, бұл жұмысты бастаймыз", - деді облыс әкімі.
Бейнебақылау камераларын орнату, аулаларды жарықтандыру, жолдағы көлік жылдамдығын өлшеу мәселелері де айтылды. Белгілі болғандай, Талдықорған, Текелі қалалары мен Қарабұлақ ауылдарында аталған мәселелерге қатысты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобалар қолға алынуда.
Тағы бір өзекті мәселе Шевченко көшесіне қатысты, көктем-жаз кездерінде суару каналдарының суынан осы көшедегі жеке тұрғын үйлер зардап шегеді. Текелі әкімі Алмас Әділдің айтуынша, аталған канал арқылы Сырымбет ауылының, Ескелді ауданының Екпінді ауылының 3 мың гектар суармалы жері суарылады, ал оның басы Текеліден басталады, оны жөндеу қажет. Облыс әкімі бұл мәселені бірлесіп пысықтап, нақты ұсыныстар енгізу үшін өтініш иесі Наталья Николаевнамен бірге сол жерге барып көруді тапсырды.
Тұрғындар бизнесті дамыту, қараусыз үй жануарларына арнайы баспана салу, зиянкестер мен ауруларға қарсы ағаштарды өңдеу, қалалық бассейнді қалпына келтіру ісіне грант бөлу мерзімдері туралы сұрақтарын қойды. Қабылданып жатқан шаралар жайы түсіндіріліп, тиісті тапсырмалар берілді. Мәселелердің бір бөлігі бюджет есебінен шешіледі, ал кейбіреулеріне, мәселен бассейнді іске қосуға инвестиция қажет.
2 сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында облыс әкіміне 20-дан астам сұрақ қойылды. Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісінің ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіліп, жазбасы сақталды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.