Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Жетісу өңіріне келді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен Жетісу өңіріне келді
Өңір халқымен кездесуге мәдениет саласы, азаматтық қоғам, жастар және БАҚ өкілдері жиналды. Басты мақсат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар тұрғысынан мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын талқылау.

«Мемлекет басшысы қоғамның барлық салаларында сапалы өзгерістерге бастамашылық етуде. Мәселен, 1 қыркүйекте қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа реформалар пакетін ұсынды. Сондықтан біз жүктелген міндеттерді орындау барысында нақты фактілермен әрекет етіп, қабылданған шаралар мен заңдар, өзекті әлеуметтік мәселелердің шешімдері және объективті социологиялық деректерге сүйенеміз. Сонымен қатар, реформалардың уақыты мен тиімділігі екі негізгі факторға тікелей байланысты екенін анық түсінеміз. Бұл біріншіден елдегі тыныштық пен тұрақтылық. Елде оң өзгерістер орын алу үшін екінші маңызды шарт ол - елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге бей-жай қарамайтын азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді болуы. Президенттік реформалар ұзақ мерзімді нәтиже беріп қана қоймай, мемлекетіміздің дамуының берік іргетасын қалап, оң әрі нақты нәтиже беретінін атап өткім келеді. Мұның бәрі, әрине, қарапайым қазақстандықтардың өміріне әсер етеді», - дейді еліміздің Мәдениет және Ақпарат министрі.
Сонымен қатар БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы БАҚ дамуының қазіргі тенденциялары, мемлекет мүддесі мен қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып әзірленгенін атап өтті.

Кездесу барысында заманауи ақпараттық технологиялардың дамуы жағдайында БАҚ трансформациясы мен заманауи журналистиканың келешегі жөнінде де пікір алмасу орын алды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Назгүл Бошан интернеттегі жалған ақпаратқа қатысты қойған сауалына Аида Ғалымқызы мамандандырылған мекемелер интернетте жалған ақпарат пен заңсыз контенттің, соның ішінде деструктивті діни мазмұнның, порнографияның, есірткі және кибербуллинг туралы материалдардың таралуын үнемі қадағалап отыратынын айтты. Тәулік бойы бақылау жүргізіліп, күдікті фактілер анықталған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тиісті шаралар қолданылады