«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік»

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік»

26 қыркүйекте Панфилов аудандық кітапхана мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, аудандық этномәдени орталықтары өкілдерінің, «Диана» жоғары медициналық колледжінің студенттерімен этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, этносаралық толеранттылықты қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Жаркент қалалық аналар кеңесінің төрайымы Н.Зұрманғалиева, дүнген мәдени орталығы төрағасының орынбасары Р.Ласиева, ұйғыр мәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Илахунов, «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Н.Мырзағали,  медиатор А.Тәшімбетов ата-бабаларымыз  қашанда ынтымақ-бірлікті, тату тірлікті қалағаны жайлы, соның бір айғағындай,  талай ғасырлардан жеткен «Бірлігі мықты ел озады»  деген халық даналығын қастерлеген  Мәңгілік еліміз туралы, ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолымыз бен дара дәстүрімізді тілге тиек етті.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының жұмысын үйлестіру бөлімінің аға сарапшысы М.Жанпейсов қаймағы бұзылмаған еліміздің бірлігін  сақтап отыру біздің басты міндетіміз дей келе Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан қызметіне, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауының негізгі бағыттары туралы кеңінен ақпарат берді.

«Диана»жоғары медициналық колледжінің студенті А.Жигалкина сөз алып, Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі таңдағы қызметіне ризашылығын білдіріп, өз ойын ортаға қосты.