11 – 13 қыркүйек аралығында Жетісу облысының Текелі қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» республикалық жастар лагері "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен өтуде.
"Бірлік" республикалық лагеріне еліміздің түкпір-түкпірінен Ассамблея жастарының төрағалары мен белсенді мүшелері келіп, түрлі тренинг пен шеберлік сағаттарына қатысуда.
Мақсат - жастардың достық байланысын жетілдіру, мәдени құндылықтарды бойына сіңіруге жәрдемдесу.
Қатысушылар Текелі қаласының маңайын қоқыстан тазартып, экологиялық акция ұйымдастырды. Экологияны сақтау және қоршаған ортаны қорғау - "Ассамблея жастары" ұйымы қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Шарада ер азаматтарға киіз үйдің негізгі бөліктері мен құрылу жолдарын және қыз балаларға қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалауға бағытталған ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.