«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»

Ү.ж. 5 қыркүйек күні  «Салтанат Сарайы» КММ-де  Мемлекет Басшысының халыққа Жолдауын іске асыруды талқылау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының ZOOM форматындағы республикалық кеңесі өтті. Шарада ҚХА мүшелері мен оның қоғамдық құрылымдары Жолдауды кеңінен талқылап, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және ҚХА мүшелерінің аккаунттарында кең ауқымды пікірлер орналастырылуда. Zoom байланыстан кейін өңірлік талқылау жалғасты. Негізгі сөз қоғам қайраткері, Ардагерлер және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Келемсейітке беріліп, соңында жалпы талқылау өтті. Нәтижесінде ақпараттық ілгерілетуді дайындауға, ақпараттық себептер мен оқиғалар қатарының арнайы медиа жоспарлары мен желілік кестелерін әзірлеу тапсырылды.

Бүгінгі шараға Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері,  этномәдени бірлестіктердің  төрағалары мен мүшелері, медиаторлар, Ақсақалдар мен Аналар кеңестері, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік филиалы және ғылыми сараптамалық топ пен ҚХА кафедрасының өкілдері қатысты.