Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау

 

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Бақытнұр Бақытұлы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Бақытнұр БАҚЫТҰЛЫ

 

1986 жылы туған. Білімі жоғары. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы, Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясын құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. Сол сияқты Швейцариядағы Америкалық Жоғары бизнес мектебін аяқтаған, халықаралық бизнес әкімшілігі магистрі.

Еңбек жолын Алматы қаласында «АТФ Банк» АҚ-ның жетекші маманы ретінде бастап, кейін «АТФ Лизинг» дамыту және жоспарлау бөлімінің лидері болып қызмет етті.

Әр жылдарда Алматы қаласында ҚР Бас Прокуратура жанындағы шаруашылық басқармасының біліктілігі жоғары деңгейлі маманы, Астана қаласы прокуратурасы аппаратының бас маманы, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі аппараты басшысының көмекшісі, Алматы қаласында Алматы өңірлік партиялық оқу орталығы партияның саяси менеджмент мектебінің «Нұр Отан» филиалының директоры, Montreux Business School Switzerland Бизнес мектебінде ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы бизнес пен әріптестіктің стратегиялық даму жөніндегі директор, «Алматы» асыл тұқымды зауыты» АӨК басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы департаменті директорының орынбасары, «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары, «Dinara-Ranch» Агрофирма» ЖШС-ның өндіріс директоры, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасы, Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2023 жылдың тамызынан – облыстық туризм басқармасының басшысы.