
Облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы
күнімен құттықтауы
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын ел азаматтарының қолдауымен жалпыхалықтық референдумда Ата Заңымызға өзгерістер енгізілгені белгілі. Заңның үстемдігі мен әділеттілік принциптері аясында ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асырыла бастады.
Қабылданған өзгерістер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделіп, әрбір тұрғынның мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдауға ықпал ету деңгейін арттырып отыр. Сонымен қатар қоғам мен мемлекет арасында жаңа қарым-қатынастарды орнықтырып, Әділетті Қазақстан құрудағы бастамаларға тірек болуда.
Конституцияда айқындалған құндылықтар еліміздің, соның ішінде Жетісу өңірінің одан әрі дамуына кепіл болып, тұрақтылық пен бірлікті еселей түсетіні анық. Сондықтан Ата Заңымызды құрметтеп, ардақ тұту, оның талаптарын қатаң сақтау – біздің ортақ парызымыз.
Құрметті жерлестер! Сіздерге мықты денсаулық, еселі еңбек, толайым табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Отбасыларыңыз аман, еліміз бақ-берекелі болып, отанымыз Қазақстан өсіп-өркендей берсін!