
29-тамыз күні Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, «Айбары асқақ – Ата Заң!» іс-шарасы облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, «Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ өкілдері, Аналар кеңесінің төрағалары, 21751 әскери бөлімінің қызметкерлері, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі белсенділері қатысуымен өткізілді.
Қазақстан мемлекетінің дамуына ықпал еткен мемлекеттік мерекеде – Конституция күнімен облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы А.Оханова баяндама жасады, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Муртазалиев, «Күміс тамыр» қытай этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Мазова, «Полония» поляк мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Л.Порсевалар қатысушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді, белсенділер марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынылды.