Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия ағымдағы жылғы 24-25 тамыз аралығына Қаратал, Кербұлақ аудандарында мемлекеттік мекеме мен ұйымдарда орналастырылған, тігілген мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне мониторинг жүргізді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде кейбір бұзушылықтар анықталып, сол жерде түзетілді. Сонымен қатар, ел рәміздерін қолдану мен насихаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.