Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша «Жемқорлыққа жол жоқ!» - «Адалдық – ардың ісі» атты тақырыбында отырыс 23 тамызда өткізілді.
Өңірімізде бұл бағытта түрлі шаралар ұйымдастырылып, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары осы жұмысқа тартылуда.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін бірлесіп атқару.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.Идигов, Л.Котельникова, «Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ өкілі Ғ.Маратұлы, Талдықорған қалалық прокуратурасының қызметкері Саматұлы Ақжол, Талдықорған қалалық соттың өкілі Д.Симилтарова, № 21751 әскери бөлім оркестрінің бастығы А.Джамагулов, Талдықорған қаласының жекеше нотариусы А. Касимовтар сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.
Әр тараптан берілген ақпарат назарға алынып, жемқорлықпен күресу үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігіне назар аударылды. Халық өз құқықтарын, құқыққа қайшы әрекет жасалған жағдайда қандай іс – қимыл қолдану керектігін нақты білулері қажет.