Талдықорғандағы Салтанат сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Конкурс қорытындысында Еркінбековтер отбасы үшінші орынды иеленді. Екінші орынға Қаратал ауданынан келген Әміровтер мен Панфилов ауданының тұрғындары Керімбектер отбасы лайық деп танылды. Ал Алакөл ауданында тұратын, ауыл шаруашылығында еңбек ететін Қайрановтар байқаудың бас жеңімпазы атанды. Ерлі-зайыпты Қайрановтардың отау құрғандарына 41 жыл болған, бүгінге дейін 7 бала, 20 немере, 31 шөбере көрді. Бала-шағасы қазір қоғамның түрлі саласында епселі еңбек етуде.
«Біздің отбасымыз мұндай конкурсқа бірінші рет қатысып отыр. Байқауға дайындалу бізді бір-бірімізге бұрынғыдан да жақындата түсті. Аздап толқығанымыз рас. Байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», - деді әулеттің үлкені Алтынхан апа.
Енді Қайрановтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңіне Жетісу облысының атынан қатысатын болады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген - Руслан Кадыров