«Үйде сөйле» жобасы: қазақ тілін үйренудің жаңа бастамасы

«Үйде сөйле» жобасы: қазақ тілін үйренудің жаңа бастамасы

Талдықорған қаласы, 8 шағын ауданы, 33-ші үйдің алаңында «Үйде сөйле» деп аталатын қоғамдық жобаның тұсаукесері өтті. Шараға Республикамыздың әр өңірінен келген «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері мұрындық болды.

Жоба аясында тұрғындар аулада бас қосып, қазақ тілін меңгеруге, көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін қазақ тілін оқыту мен тәжірибенің қолжетімді түрлерін жасауға мүмкіндік алды.

Жетісу облысы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Эрих Штауб, Батыс Қазақстан облысы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Дулат Мақатов, Түркістан облысы «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Индира Раван-Нахчивани және ҚХА мүшесі, Алматы қаласының «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Омар Мохаммедсаруар жобаны кеңінен таныстырып, халыққа қажет сұрақтарға жауап берді.

Ал «Ассамблея жастары» үйден алыстамай-ақ ана тілімізді қызықты форматта үйренуге жағдай жасайды. Клубта білікті оқытушылар мен жаттықтырушылар ғана емес, қарапайым тұрғындар да тәжірибесімен бөлісе алады. Жобаны жүзеге асыруға пәтер иелері де қолдау көрсетіп, белсенділік танытты.