Жаңа Қазақстан құру жолындағы жастардың рөлі

Жаңа Қазақстан құру жолындағы жастардың рөлі

Жетісу облысында «Ассамблея жастары» РҚБ-нің «Жаңа Қазақстан құру жолындағы жастардың рөлі» тақырыпта II Республикалық слеті өз жалғасын табуда.

Слеттің 1-ші күні бөлінген тақырып  бойынша әр топ өз жобаларын қорғап, жастар Жаңа Қазақстанды дамытуда тың идеялары мен мүмкіндіктерін ортаға салды.

Екінші күні еліміздің әр аймағынан келген белсенді жастарға тренингтер өткізіп, спикер болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Г.Шиповских, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің төрағасы Т.Джумурбаев, «Қазақстанның ұйғыр жастар одағы» РҚБ төрағасы Р.Қайрыев және «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ жастар Сенаты комитетінің төрағасы А.Урмашовтардың баяндамаларымен танысып, пікір алмасты.