Жетісудағы кездесу

Жетісудағы кездесу

2023 жылғы 16 тамызда Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. А. Әзілхановтың Жетісу облысы ҚХА мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Г.Г. Шиповских, облыс әкімінің орынбасары Р. Али, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, сондай-ақ Жетісу облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Кездесу барысында Жетісу облысының ҚХА қоғамдық құрылымдарының өзекті мәселелері және қызметін одан әрі жетілдіру жоспарлары талқыланды.

Жетісу облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Н.Қ. Баймадиева, облыстық Мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі, «Облыстық орыс орталығы» ҚБ Текелі қаласы бойынша филиалының төрағасы Қ.М. Нестеров және облыстық корей этномәдени орталығының өкілі В.Л. Ли баяндама жасады.