«Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы»

«Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы»

2023 жылдың 23-27 шілде аралығында Талдықорған қаласындаДін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы» атты имамдарға арналған 5 күндік  оқыту курсы өтті. Курстың басты мақсаты деструктивті діни ағымдардың алдын алу.

Лектор ретінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, университет жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры Нүсіпханов Тимур және РАТТ мүшелері Азбергенов, Түсіпхан, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі наиб мүфти Шоқанов С. шақырылды.

Шоқанов Сансызбай мен Түсіпхан Имаммәди «Жетісу» телеарнасына сұхбат берді.

Курс соңында 100 имамға арнайы сертификаттар табысталды.