2023 жылғы 31 шілде – 4 тамыз аралығында облысымызда Медиация күнін мерекелеу шеңберінде Медиация апталығын және «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарын және қызметi Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi қамтамасыз етуге байланысты мүдделi уәкiлеттi тұлғаларды жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiне шоғырландыру.
Медиация апталығы барысында ҚХА алаңдарында медиативтік кездесулер, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдаулар өтті.