
Алакөл көлінің жағалауында Ақши ауылында «Алакөл - 2023» облыстық кешенді жазғы спартакиада өтті. Үш күнге созылған жарысқа Жетісу облысының он аудан-қаласынан 150-дей адам қатысып, олар спорттың жағажай волейболы, мини футбол, үстел теннисі түрлерінен шеберлік сынасты.
Жарыс жеке және командалық есеп бойынша қорытындыланды.
Биылғы спартакиаданың негізгі жүлдесін Талдықорған қаласының командасы ұтып алды. Көксу ауданының құрамасы екінші, Алакөл ауданының спортшылары үшінші орын тұғырынан көрінді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жеңімпаздарға арнайы кубоктар, естелік медальдар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.