
Дәрігердің жолдамасы мен көрсеткіштер болған жағдайда емдеуге жатқызу бюросы арқылы МӘМС шеңберінде Талдықорғандағы «Асар» оңалту орталығынан оңалту ем-шараларын алуға болады.
«Асар» оңалту орталығына күрделі жарақаттардан кейін ағзаны сапалы әрі тез қалпына келтіру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келеді. Білікті мамандар мен жоғары стандартты жабдықтар пациенттерге мүмкіндігінше тезірек аяққа тұруға көмектеседі.
Орталық омыртқа жарақаттарынан, инсульттан кейін, грыжа, протрузия және церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға оңалту қызметтерін көрсетуге мамандандырылған.
Орталықтағы емдеу омыртқа мен буындарға жүктемені азайтуға, бұлшықет тепе-теңдігін қалпына келтіруге, тамақтануды жақсартуға, буынның шеміршек тінін күшейтуге бағытталған. Осы мақсатта арнайы дайындалған 25-тен астам тренажерларда емдік дене шынықтыру жасау арқылы бұлшықеттің біркелкі дамуына қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Дәрігердің жолдамасы мен көрсеткіштер болған жағдайда емдеуге жатқызу бюросы арқылы орталықта МӘМС шеңберінде оңалтудан өтуге болады.
Бүгінгі таңда 2000-нан астам адам оңалтудан өтті, оның ішінде 150-ден астам адам аяққа тұрды, 400-ден астам адамның қозғалыс функциялары жақсарды. Қазіргі уақытта 30 науқас емделуде.
Махамбет Серікқалиев «Асар» орталығына еліміздің батыс өңірінен келген. Спорттық жарақаттан кейін оған жұлынның травматикалық ауруы диагнозы қойылды.
«Алғаш рет «Асарға» оңалтуға 2021 жылы келдім. Қазіргі уақытта мен оңалтудың үшінші кезеңінен өтіп жатырмын. Орталық мамандары мен қарқынды жаттығулардың арқасында қазір денемді тік ұстап, аяққа тұрып, жақсы нәтижелерін көре бастадым»- дейді ол.
«Науқас біздің орталыққа келгенде аяқтарында қозғалыс жоқтығына шағымданған еді. Бүгінгі күні серпінді жаттығулардың арқасында жалпы жағдайдың жақсарғаны байқалады, пациенттің қозғалыс белсенділігі артты, статика мен динамика жақсарды, бел ауруында регрессия бар, жүктемелерге төзімділік, аяқ-қолының күші артты», - дейді реабилитолог дәрігер Ғалия Шыңғысқызы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы