
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласының тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, олардың талап-тілегін тыңдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бірінші болып кірген зейнеткер Мейранбек Икранбек тұрғын үй мәселесін көтерді. Ол 1-топ мүгедегі ретінде 2016 жылы кезекке тұрған. Алайда, кезегі алдыға емес, керісінше кері жылжыған. Қазір 3361-ші болып тұр. Бейбіт Өксікбайұлы бұрын 19 санат бойынша үй берілсе, 2022 жылдан бастап 6 санатқа біріктірілгенін айтты. Кезек сол себепті кері жылжыған.
Келесі кезекте көп балалы ана ретінде пәтер кезегінде бірінші болып тұрған Сархыт Шагиян екі немесе одан да көп бөлмелі пәтер беруді сұрады. Бұл кісі аталмыш санат бойынша үй алу үшін балалары кәмелеттік жасқа толмаған болуы керек. Сондықтан оның кезігін сақтай отырып, зейнет жасына ауыстыруды ұсынды. Нәтижесінде биыл кемі екі бөлмелі пәтер алады.
Ал спорт жанашыры әрі зейнеткер Мүсілімғазы Ысқақов болса футбол мәселесін сөз етті. Әсіресе, «Жетісу» футбол командасының жұмысын жандандыру, споршыларға жағдай жасау, башылық құрамын жаңарту, стадиондағы құрылыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ету сынды бірқатар тіліген жеткізді. Өз кезегінді облыс басшысы Бейбіт Исабаев бұл мәселелер тікелей өзінің бақылауында екенін, «Жетісу» футбол командасының бас бапкері ауысқанын баян етті. Алдағы уақытта нәтижелі ойын көрсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар облыс әкімінің қабылдауына кірген Назерке Тоғызбасова 5 баласымен жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын, күйеуі сотты болғанын, жұмыссыз екенін айтып, пәтер алуға жәрдемдесуді сұрады. Өзі көп балалы ана ретінде 1715 болып кезекте тұр.
- Бәрін түсінемін. Бірақ біз заңды бұза алмаймыз. Сізге кезексіз үй берсек, кезекте тұрған адамдар арызданады. Ақшалай көмектесейік. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырыңыз. Балаларлың киімі, пәтерақы сынды шығындарды жабуға жәрдемдесеміз, – деді Бейбіт Исабаев. Өңір басышысы меценаттар беретін үй болса, сол тізімгі кіргізетінін айтты.
Сол сияқты зейнеткер Самат Құрбанов Төлебаев көшесі, 102 үйдің шатырын жасауды, Елеухан Әділханова Жандосов көшесінде орналасқан пәтерлердің жылу жүйесін газға қосуды сұрады. Облыс әкімі көтерілген мәселелер биыл шешілетінін жеткізіп, оны орындауды облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанағатовқа жүктеді.
Қабылдауға жалпы саны 13 адам кірді. Олардың басым көпшілігі тұрғын үй, жер кезегі мәселелерін көтерді. Барлығына заң талаптары түсіндіріріп, құқықтық кеңес берілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.