
2023 жылдың 27 маусымында Достық үйінде «Ерен еңбек майталмандары» іс-шарасы аясында өткен «Еңбегім-өрісім» байқауына 8 аудан, 2 қаладан ерен еңбектерімен ел-жұртқа танымал 20 кәсіпкер қатысты. Қатысушылар өздері арнайы дайындап келген бейнежазбаларында кәсіптері мен еңбек жетістіктері туралы баяндады.
Қазылар тарапынан кәсіпкерлердің халыққа көрсетіп жүрген қызметтерінің қыр-сырына арнап қойылған сұрақтарына берген жауаптары бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар I, II, III дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.