Талдықорғанда 10 шілдеде "Жетісу жастары"тұрғын үй сатып алу бағдарламасы басталады

Талдықорғанда 10 шілдеде "Жетісу жастары"тұрғын үй сатып алу бағдарламасы басталады

Талдықорғанда 35 жасқа дейінгі жастарға арналған "Жетісу жастары" тұрғын үй сатып алу бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды tinfo.kz Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 10-28 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Қарыз сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды.
  • Бастапқы жарна-бастапқы тұрғын үй үшін 0%, кепілдік қамтамасыз ету жеткілікті болған жағдайда қайталама тұрғын үй үшін 10%.
  • Сертификат қарастырылған. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі-5%

*Тұрғын үй құны 10 млн. теңгеден асқан жағдайда айырманы салымшы өз қаражаты есебінен төлейді.

  • Бастапқы нарық-пайдалануға берілген пәтерлер.
  • Екінші нарық-пәтер, жеке үй.

Отбасының әрбір мүшесінің жиынтық табысы 3,1 ПМ (125 758) аспауға тиіс.

Бағдарламаға қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде 35 жасқа дейінгі жас.
  • ҚР аумағында өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісінің болмауы.
  • ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің және үлестің болмауы.
  • Талдықорған қаласында міндетті зейнетақы жарналарымен расталған кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қатысуы.
  • Банктің талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдің немесе кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде банкте ТҚС болуы.
  • Талдықорған қ. ЖАО кезекшісі болу.

Өтінімдер Талдықорған қаласының әкімдігінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абай қаласы, 241.

"Отбасы Банкі" Call-орталығы: 300.