Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада аяқталды

Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада аяқталды

Өткен жексенбіде Талдықорғанда жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында республикалық спартакиада мәресіне жетті. 

Үш күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінің намысын қорғаған, мемлекеттік қызметшілерден құралған 19 команда қатысты. Жеке-командалық жарыстар олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда волейбол, тоғызқұмалақ, бильярд, қазақша күрес, мини-футбол, жүзу, үстел теннисі түрлерінен өтті. Жарыстар "Жастар" Спорт сарайында, "Өркен" спорт кешенінде, Жастарға қызмет көрсету орталығының спорт залында, «Талдықорған» орталық жүзу бассейнінде болды. 

Спартакиаданың жалпыкомандалық қорытындысы "Жастар" Спорт сарайында хабарланды. Жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен марапатталды. 

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы 2023 жылғы спартакиаданың чемпионы атағын Түркістан облысы жеңіп алды. Екінші орын Батыс Қазақстан облысына, үшінді орын Павлодар облысына берілді. Жетісулықтар бұл жарыста турнир кестесінің төртінші орнына табан тіреді. 

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.