Жетісу облысында құрбан шалуға арналған 33 орын белгіленді

Жетісу облысында құрбан шалуға арналған 33 орын белгіленді

Құрбан айт мейрамындағы құрбан шалу ғұрпына арналған облыста 33 арнайы мал сою орындары белгіленді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бұл орындарда малдардың сойылуын  қадағалау және ұйымдастыру, құрбандық шалатын орын және қасапшыларды арнайы киіммен және керекті жабдықтармен қамтамасыз ету, сою орындарын ветеринарлық-санитарлық талапқа сай ұстау, мал сатылған және сойылған орындарды тазарту, дезинфекция жұмыстарын  жүргізу қалалық, аудандық ветеринариялық станция басшыларына жүктелген. Сол сияқты Құрбан айт мерекесі аясында мал сою пункттерінде, мал сою алаңдарында жадынама таратып, профилактикалық әңгіме жүргізіп, мал сою шаралары барысында заң талаптарының сақталуын түсіндіру де назардан тыс қалмайды. 

Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитариялық-эпидемиологиялық шараларын сақтауды сұрайды.

«Құрбандыққа шалынатын малдарды сібір жарасы, бруцеллез, листериоз сияқты әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында ветеринариялық анықтамасы бар арнайы сату орындарында сатып алуы керек. Арнайы сою пункттерінде немесе бөлінген арнайы алаңдарында мал сою барысында қарапайым гигиеналық нұсқауларды сақтауды сұраймыз. Және жаппай улануды болдырмау үшін мешіттерде еске алу түскі астарын қатымханасы бар жерде берген жөн. Соның арқасында Құрбан айт мерекесін ойдағыдай және денсаулыққа зиян келтірмей өткізуге болады», - деді Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов.

Еске салсақ, 28 маусымда Құрбан мерекесі басталып, үш күнге созылады. Құрбан айттың алғашқы күні мұсылман қауымы таңғы Айт намазынан кейін құрбан шалу рәсімін бастайды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Белгіленген орындар тізімі:

Ақсу ауданы

 

«Нұрмұхамбетов Б.М» ЖК– Қаракөз ауылы

Ақсу ауданының ветстанциясы – Қызылағаш ауылы

 

Алакөл ауданы

 

«Айманбетов» ЖК – Үшарал қ., Мүсірепов көшесі, 3

«Нағашбек» ШҚ – Жамбыл ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 1

«Қайынды» ЖШС – Бұдыр №1 учаске

 

Ескелді ауданы

 

Ескелді ауданының ветстанциясы

«Хильниченко и К» КС– Қарабұлақ ауылы, кормоцех

«Рахимбаев» ШҚ – М.Байысов ауылы

«Баяхметов» ШҚ – Қаратал ауылы 

«Бимұратов» ШҚ – Жалғызағаш ауылы, Бөкей учас.

«Қантарбаева» ШҚ – Қоңыр ауылы, №2 бригада

 

Қаратал ауданы

 

Қаратал ауданының ветстанциясы – Үштөбе қаласы, Үштөбе – Мұқыры автожолы

«Асқар» ШҚ – Ортатөбе ауылы

«Арғынбаева» ШҚ – Айтуби ауылдық округі, 022 учас.

«Сасен» ШҚ – Курішдаласы ауылы 

«СГЦ «Қаратал» ЖШС – Көкпекті ауылы, Марчук учас.

 

Кербұлақ ауданы

«Майтөбе Ет» СПК – Сарыөзек ауылы

 

Көксу ауданы

 

«СБН» ЖК – Балпық би ауылы, Исбаева көшесі, 120

«Алим-Таяр» КХР – Теректі ауылы, Колболдинов көшесі, 4

«Актекше» СПК – Теректі ауылы

«Мұра» СПК – Мәмбет ауылы

 

Панфиловский район

 

КХ «Анаятов С.» – с.Алтыуй Бирликского с.о.

ТОО «БМ мал өнімдері» – г.Жаркент

 

Сарқан ауданы

 

Сарқан ауданының ветстанциясы – Қойлық ауылы

«Дүйсембекова» ШҚ – Пограничник ауылы

«Арлан» ЖК – Сарқан қаласы

«Малаев А.» ЖК – Сарқан қаласы

«Иман» ШҚ – Алматы - Өскемен автожолы 5 участок

 

Талдықорған қаласы

 

«Бірлік» ШҚ– подхоз, 1 бөлімше

«Қайрат» ШҚ – подхоз, 1 бөлімше

«Сапарбаев» ШҚ – Еркін ауылдық округі, Кемерашы уч.

«Рауан» ШҚ – «Шығыс» шағын ауданы, өндіріс аймағы

 

Жетісу облысының ветеринария басқармасы