Мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Бүгін мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиналған қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Әділетті Қазақстан құрудағы мемлекеттік қызметшілердің рөліне тоқтала келе:

- Мелекеттік қызметші болуды таңдаған әр адам бұл қызметтің жүгін де, жауапкершілігін де көтере білуі тиіс. Осы орайда жылдан жылға мемлекеттік қызметшілерге артылатын міндет ауқымы кеңейіп, қойылатын талап та күшейіп келеді. Яғни халыққа қызмет ету оңай шаруа емес. Еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер дайын болуы керек. Сіздердің жұмыстарыңызға қарап халық бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі туралы пікір қалыптастырады. Яғни әрбір мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы, - деп атап өтіп, халықтың сенімін ақтап, абыройлы еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.

Осы жиында бірқатар азаматтарға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, Мемлекеттік қызмет агенттігі төрағасының алғыс хаты, облыс әкімінің құрмет грамотасы берілді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.