
2023 жылдың 22 маусым күні Панфилов ауданы, Жаркент қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жоспарына сәйкес, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Ауылым – алтын бесігім» байқауы өтті.
Байқауға Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Панфилов, Сарқан аудандарынан және Талдықорған қаласынан, жалпы саны 7 ана қатысты.
Байқау кезеңдері:
І кезең - таныстыру, ІІ кезең - портфолио қорғау, ІІІ кезең - ситуациялық сұрақтар қойылып, аналарымыз өзара бақ сынасты.
Кіл мықтының мықтысын анықтайтын байқаудың қазылары «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Усанова, облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, «Қоғамдық келісім» КММ ҚХА құрылымдарының жұмысын үйлестіру бөлімінің аға сарапшысы, кәсіби медиатор, жаттықтырушы Б.Чингаева әділ бағаларын беріп, нәтижесінде: Бас жүлдені Панфилов ауданы, Әулиеағаш ауылдық округі Аналар кеңесінің төрағасы Ш.Сейдрахманова иеленді. Жүлделі І орынды Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық Аналар кеңесінің төрағасы М.Ибрагимова, ІІ орынды Сарқан ауданы, Амангелді ауылдық Аналар кеңесінің төрағасы Е.Судирбаева және ІІІ орынға - Кербұлақ ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округтік Аналар кеңесінің төрағасы К.Рахымбаева ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен, ақшалай сертификаттармен марапатталды.