
Талдықорғанда тас жолдағы велоспорттан VI жазғы Спартакиада басталды. Сайысқа еліміздің 12 аймағынан спортшылар қатысуда. Спартакиада шеңберінде тас жолдағы велоспорттан андерлер, жасөспірімдер және паралипиадашылар арасында Қазақстан чемпионатын да өткізу қарастырылған. Жарыс 25 маусымда аяқталады.