
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Гвидас Керушаускаспен кездесті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл литвалық консулдың Жетісу жеріне алғаш келуі. Ресми өкілге қош келдіңіз деген облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, басым бағыттары, инвестициялық мүмкіндіктері жайлы қысқаша айтып берді.
Өз кезегінде Гвидас Керушаускас та екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстар жайына тоқталып, Литваның қазіргі экономикалық бағыт-бағдарынан хабардар етті.
Кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.