ТЖД тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады

ТЖД тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады

Жетісу облысы бойынша суға шомылу кезінде пайдалануға болатын барлығы 46 ашық су айдындары бар (4 көл, 18 өзен, 8 су қоймасы, 16 тоған), олардың негізгілері Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалаулары. Қазіргі таңда адамдардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 18 құтқарушы бекет және 4 медициналық пункт құрылды. Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен және Полиция департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, алдын ала бекітілген жоспарларға сәйкес жергілікті халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қоса облыс аумағында 140 ескерту белгілері және су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері көрсетілген 4 көрнекі стенд орнатылды. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 25 мың дана жадынама дайындалды.

Осыған байланысты ел азаматтарының назарын су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға аударып, бірінші кезекте тыйым салынатын әрекеттерді атап өтсек:

- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде шомылуға;

- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан тыс жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- техникалық және ескерту белгілеріне, қалтқыларға көтерілуге;

- ересектердің қарауынсыз балаларға суға түсуге тайым салынады.

 

Жетісу облысы бойынша ТЖД