«Бір шаңырақ» фестивалі

«Бір шаңырақ» фестивалі

2023 жылдың 15 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Алакөл ауданы, Лепсі ауылында «Бір шаңырақ» фестивалі аясында татар-башқұрт халқының Ұлы мейрамы – «Сабантуй» мерекесі аталып өтті.

🔹Шарада «Өрнек», «Туган тель» би ансамблдері, «Ұзақ өмір сүру орталығының» вокалдық тобы, жергілікті өнерпаздар, Татарстан Республикасынан арнайы келген Диля және Булат Нигматуллиндер өз өнерлерін көрсетті.

🔹Фестиваль барысында түрлі байқаулар мен спорттық ойындарда жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.