
Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті IV сессиясы өтті, онда 2022 жылға арналған өңір бюджетін атқару мәселелері талқыланды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Жанар Керімбекова, облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы Ардақ Тоқбергенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев баяндама жасады. Баяндамаларда облыс бюджетінің кірістері мен шығыстарына, бюджетті игеруге, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын белгілеуге қатысты мәселелер қозғалды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша депутаттар өз пікірлерін білдірді, талқылау өтті.