«Жемқорлыққа қарсы қоғам»

«Жемқорлыққа қарсы қоғам»

2023 жылдың 9 маусымында ҚХА мүшесі, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева Талдықорған қаласының құрылыс-техникалық колледжінің ұжымы және білімгерлерімен «Жемқорлыққа қарсы қоғам» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін ілгерілету бойынша кездесу өткізді.

Кездесуге облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі  Ғ.Тұрсынбай, облыстық қоғамдық даму басқармасының  этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің - Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы А.Оралов, колледж директоры А.Жұмаділов қатысты. 

Спикерлер заңсыз сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы айтып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.