
Жетісу облысында Жоңғар қақпасы ауданында электр энергиясын жинақтау жүйесі бар жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады. Алдын ала орташа жобалық қуаты-жылына 3,3 млн. МВт / сағ. Жобаны іске асыру бойынша тиісті күнтізбелік іс-шаралар жоспарын (жол картасы) бүгін елордада ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев, "Самұрық - Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Н.Жақыпов, облыс әкімінің орынбасары Е. Базиль және "ACWA Power Company" бас директоры М. Арчелли бекітті,-деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының деректері бойынша жоба бойынша серіктес ретінде жаңартылатын энергия көздері, атап айтқанда электр энергиясы мен тұщыландырылған су өндіру саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың қатарына кіретін Сауд Арабиясының "ACWA Power Company" компаниясы болып табылады. Компанияның энергетикалық портфеліне 13 елдегі 67 актив кіреді, оның ішінде тиімді аралас циклді электр станциялары, күн және концентрлі күн энергиясы (CSP), геотермалдық, жел, қалдықтарды энергияға қайта өңдеу (WtE). Жобалардың жиынтық қуаты 42,7 ГВт электр энергиясынан асады,ал компанияның портфель жобаларына инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 66,5 млрд. Мамандардың айтуынша, жоба электр энергиясын жинақтағышты пайдалана отырып іске асырылатын болады, бұл электр энергиясын өндіруді мәлімделген болжам шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді, демек, жел генерациясының үзілуіне байланысты желінің тұрақсыздығы қаупін азайтады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі