
Жетісу облысының 2022 жылдың қорытындысы бойынша және 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Әкімшілік-географиялық орналасуы
Жетісу облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан, 2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығымен құрылған.
Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы.
Облыс аумағы 118 мың шаршы метрді құрайды.
Жетісу өңіріне Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған, Текелі қалалары кіреді.
Демографиялық жағдай
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыс халқының саны 698,8 мың адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 388,3 мың адам.
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.
Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 104,1% құрады.
Салалар арасында оң өсім өнеркәсіпте байқалады, онда өндіріс көлемі 1,3% -ға (281,3 млрд. теңге) , ауыл шаруашылығы – 2,4% -ға (509,7 млрд. теңге) , сауда – 30,4% -ға (362,5 млрд. теңге) , құрылыс – 4,3%-ға (136,4 млрд. теңге) өсті.
2022 жылы 16,3% -ға өсіммен 270 млрд теңге инвестиция тартылды.
295,3 мың ш.м. метр тұрғын үйд іске қосылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8%-ға жоғары.
Биылғы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қол жеткізілген қарқынды сақтау үшін барлық шаралар қабылданатын болады.
Жалпы өңірлік өнімнің өсімі 2,1% деңгейінде жоспарлануда, өнеркәсіп көлемі 2,5%-ға ұлғая отырып, 330 млрд теңгені құрайды (жүйе құраушы кәсіпорындардағы өндіріс көлемін ұлғайту, Ақсу қант зауыты мен Текелі тау-кен байыту комбинаты сияқты тоқтап тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және іске қосу есебінен ) ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,8% -ға өсумен (егіс алқаптарын, мал басын, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру есебінен) 544 млрд теңгеге жетеді .
328 млрд теңге инвестиция (108,6%) тартылып, 322 мың шаршы метр тұрғын үй (109,0%) пайдалануға беріледі.
Агроөнеркәсіптік кешен
2022 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 25,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде субсидиялар – 24,1 млрд теңге, 7,5 мыңға жуық субъекті мемлекеттік қолдаумен қамтылды.
Биыл саланы қолдауға 29,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде субсидиялау – 23,3 млрд теңге.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,7% -ға өсіп, 55,9 млрд теңгені (4,9%) құрады. Ағымдағы жылы көлемді 544,2 млрд теңгеге, НКИ – 102,8% -ға арттыру жоспарлануда.
2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 517,2 мың гектарды құрады, биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 1,9 мың гектарға артып, 519,1 мың гектарды құрайды, оның ішінде қант қызылшасы сияқты басым дақылдар – 2,2 мың гектарға (8,5 мың гектар), көкөністер (7,6 мың га) және мал азықтық дақылдар (85,9 мың га) – 0,3 мың га және дәндік жүгері – 0,2 мың га (44,6 мың га) .
Жалпы биылғы жылы 861,5 мың тонна астық (2022 жылға қарай 101,7%) , 301,2 мың тонна жүгері (101,0%) , 207,4 мың тонна майлы дақылдар (100,5%) , 246,7 мың тонна картоп (12,7%) , 235,3 мың тонна көкөніс дақылдарын (105,3%), 365 мың тонна қант қызылшасын
(1,9 есе %) жинау жоспарлануда.
Өңірде қант саласын дамыту бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы Көксу қант зауыты 70 мың тонна қант өндірді, биыл зауыт 58 мың тонна қант, оның ішінде 27 мың тонна құрақ және 31 мың тонна қызылша қантын өндіруді жоспарлап отыр.
2023 жылы Ақсу қант зауытында 19 мың тоннаға дейін құрақ өңдеу жоспарлануда.
2023 жылы барлығы 77 мың тоннаға дейін қант өндіріледі, бұл облыстың қажеттілігін (11 мың тонна) толық өтеп, республиканың басқа өңірлеріне өнім жіберуге мүмкіндік береді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста мал шаруашылығы жақсы қарқынмен дамып, ірі қара, ұсақ мал және жылқы басы орта есеппен 3,7% -ға, сәйкесінше ет және сүт өндіру көлемі 5,2% -ға артты.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде жануарлардың негізгі түрлерінің саны (103,2% -119,9%) , ет (100,5%) , сүт (101,1%) және жұмыртқа (106,1%) өндірісі өсті.
Өткен жылы 3,4 мың басқа арналған 7 бордақылау алаңы мен 190 басқа арналған 3 сүт-тауарлы фермасы құрылды.
Барлығы 33 мың басқа арналған 76 мал бордақылау алаңы және 8,7 мың басқа арналған 37 сүт-тауарлы фермасы жұмыс бар.
Биыл 4,2 мың басқа арналған 10 мал бордақылау алаңын, 1100 басқа арналған 3 сүт-тауарлы фермасын құру жоспарлануда.
Облыста жұмыртқа бағытындағы жалғыз «Көгер ЛТД» ЖШС құс фабрикасы бар. Халықты құс етімен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай «Сары – Бұлақ » ЖШС-ның 350 жаңа жұмыс орнын құру арқылы қуаттылығы жылына 13 мың тонна ет өндіретін ет бағытындағы құс фабрикасын салу бойынша құны 7,6 млрд теңгені құрайтын жобасын іске асыру жоспарлануда.
Саланы одан әрі дамыту мақсатында 2027 жылға дейін 1,2 мың жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 57,9 млрд теңгені құрайтын 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде «Ірі жобалар» пилоттық жобасы аясында 10 жаңа жұмыс орнын құрумен құны 2 млрд. теңгені құрайтын 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салу жобасы мақұлданып, қолдау тапты (іске асыру мерзімі – 2024 ж.).
Сонымен бірге, 2023 жылға 229 жұмыс орнын құрумен сомасы 5,4 млрд.теңгеге 17 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда,
оның ішінде «Алакөл-агро» ЖШС-ның 30 мың басқа арналған қой фермасы (2,5 млрд. теңге) .
Жамбыл облысының ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының ауқымын кеңейту аясында. 581 шағын несие беру үшін 3,2 млрд теңге қарастырылған (халық үшін шағын несиенің ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК (2023 ж. – 8,6 млн. теңге), кооперативтерге –
8 мың АЕК (2023 ж. – 27,6 млн. теңге) , жұмыстың басталуы ағымдағы жылдың 20 маусымына жоспарланған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жерді қайтару жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылы 128,5 мың га жер (0,3 мың га шабындық, 6,9 мың га егістік, 121,3 мың га жайылым) мемлекеттік меншікке қайтарылды.
2023 жылы пайдаланылмай жатқан 220 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланса, 2023 жылғы 30 мамырда 85,1 мың га қайтарылды, жоспар 38,7% -ға орындалды (0,1 мың га – шабындық, 1, 6 мың га егістік, 76,3 мың га жайылым) .
Өнеркәсіп
Облыстың өнеркәсіп өндірісінде 530 өнеркәсіптік кәсіпорын істейді, оның 14- і ірі, 16- сы орта.
2022 жылы 1,3%-ға өсіммен 281,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп көлемі 100,5 млрд теңгені, нақты көлем индексі 112,7 пайызды құрады.
Өсім өңдеу өнеркәсібі өндірісінің – 14,7% -ға (79,8 млрд. теңге) , тау-кен өндіру өнеркәсібінің – 17,3% -ға (3,2 млрд. теңге) , электрмен, газбен, бумен, ыстық сумен және қалыпқа келтірілген ауамен жабдықтау өндірісінің – 3,4% -ға (16,2 млрд. теңге) , сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі іс-шаралар – 38,9% -ға (1,3 млрд. теңге) өсуіне байланысты болып отыр.
Осы жылдың соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 2,5% -ға ұлғайтумен 330 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда (бұл көрсеткішке қол жеткізу «Алацем» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайту есебінен (толық қуаттылыққа шығу), «Қайнар АКБ» ЖШС өнім көлемін ұлғайту (2022 жылы ресей-украин жанжалына байланысты көлем қысқарды), екі тоқтап тұрған кәсіпорын «Ақсуқант» ЖШС-ны (қант құрағын өңдеуге көшу) және «Текелі тау-кен байыту комбинаты» ЖШС-ны іске қосу, «Электромарганец» ЖШС өнімдерін шығару (2022 жылдың 4-тоқсанында іске қосылды) есебінен жоспарлануда).
Облыс құрылғаннан бастап 18 жаңа өндіріс пайдалануға берілді және 3 жұмыс істеп тұрған өндіріс кеңейтілді, 690 жаңа жұмыс орны ашылды.
Инвестициялар
Өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалуда.
2026 жылға дейін іске асырылатын жобалардың инвестициялық портфелі қалыптасты, оның құрамында 7,1 мың жұмыс орнын құрумен сомасы 1,6 трлн. теңгені құрайтын 146 жоба бар.
Облыс құрылғаннан бастап жалпы құны 37,9 млрд.теңгені құрайтын 47 жоба жүзеге асырылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бастап 68 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге 8 жоба іске асырылды).
Оның ішінде ірі жобалар: қуаттылығы 6 мың тонна мыс кенін құрайтын «KazSilicon» ЖШС жоғары сапалы кремний өндіру зауытын жаңғырту және іске қосу (210 жұмыс орнын құрумен құны 3,9 млрд. теңге) және Қаратал ауданындағы қуаттылығы 4,95 МВт «АлматыЭнергоПроект» ЖШС күн электр станциясының құрылысы (7 жұмыс орны) , Текелі қаласында қуаттылығы 20 мың тонна болатын «Электроманганец» ЖШС-ның темірді тікелей қалпына келтіру зауытының бірінші кезегі
(100 жұмыс орнын құрумен 4,4 млрд. теңге), Сарқан ауданындағы қуаттылығы
50 МВт «Eneverse Kunkuat» ЖШС-ның жел электр станциясы (5 жұмыс орнын құрумен 19,4 млрд. теңгеге).
Осы жылдың басынан бері 44,4 млрд.теңге инвестиция тартылды, НКИ – 120,9% .
Биылғы жылы 921 жұмыс орнын құрумен сомасы 62,5 млрд. теңгеге 51 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Оның ішінде ірі жобалар:
- «ASMA Industrial » ЖШС аккумуляторлар шығаратын зауыт, қуаттылығы жылына 210 мың дана, 120 жұмыс орнын құрумен құны 3,2 млрд.теңге;
- Ескелді ауданындағы Қора өзеніндегі №3 Қора ГЭС («Қора ГЭС» ЖШС) қуаттылығы 29 МВт, 21 жұмыс орнын құрумен құны 10,2 млрд.теңге;
Сарқан ауданындағы Жоғарғы-Басқан ГЭС 2,3 («Baskan power» ЖШС), қуаттылығы 13 МВт, 15 жұмыс орнын құрумен 7,2 млрд.теңгеге;
- Алакөл ауданындағы қуаттылығы 50 МВт ЖЭС («EcoWattAKA» ЖШС), 105 жұмыс орнын құрумен құны 23,5 млрд.теңге.
Шағын және орта бизнес
Облыста 2022 жылға жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 53,6 мың бірлікті құрады (2023 жылға жоспар – 60 мың бірлік, 2023 жылғы қаңтар-сәуірге нақты саны – 57,9 мың бірлік).
2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны –102,1 мың адам немесе 2021 жылға қарағанда 114,7% (2021 ж. – 89 мың адам). 2023 жылға жоспар - 110,5 мың адам.
Өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 43,7% -ға өсіп, 935,9 млрд теңгені құрады (2022 жылдың мәліметтері). 2023 жылға жоспар - 850 млрд.теңге.
Бюджетке салық түсімдері 2023 жылдың қаңтар-сәуірінде –
12,9 млрд теңге немесе 2022 жылдың деңгейімен салыстырғанда 128,3% құрады. 2023 жылға жоспар 32 млрд. теңге.
Шағын және орта бизнестің ЖӨӨ-дегі үлесі 39,3% құрады.
Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 2022 жылға 6,4 млрд теңге бөлінді, 26 млрд теңге несие сомасына 378 жоба мақұлданды.
2023 жылға 6,8 млрд. теңге бөлінді (ЖБ – 723,7 млн., РБ – 6,1 млрд.). Бүгінгі таңда 2,0 млрд теңгені құрайтын 70 жоба мақұлданды:
- 24-тен астам жобаны қаржыландыру жоспарымен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 5,8 млрд.теңге бөлінді (ЖБ – 334,3 млн. теңге, РБ – 5,4 млрд. теңге) , 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5,8 млрд.теңге игерілді, 40 жоба мақұлданды, 66 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда;
- 14-тен астам жобаны қаржыландыру жоспарымен ішінара кепілдіктерге 845,6 млн.теңге бөлінді (ЖБ – 182,9 млн. теңге, РБ – 662,7 млн. теңге). 2023 жылдың 1 мамырына 845,6 млн.теңге игерілді, 30 жоба мақұлданды, 34 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда;
- 34-тен астам жобаны қаржыландыру жоспарымен 5 млн теңгеге дейінгі гранттарға 170 млн теңге бөлінді (ЖБ – 150 млн теңге, РБ – 20 млн теңге). Конкурсты өткізу а. ж. қыркүйек айына жоспарланған. 34 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
- инженерлік инфрақұрылымға 4 жоба бойынша 36,5 млн. теңге бөлінген.
Облыс бюджеті
Жетісу облысына бөлінгеннен кейін 2022 жылға салықтарды және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 112,7%-ға орындалды,
жоспар 175,8 млрд.теңге болса, 198,1 млрд.теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 135,8 млрд.теңге немесе 103,3%, жергілікті бюджетке – 62,3 млрд.теңге немесе 140,5% түсті, 17,9 млрд.теңге артығымен орындалды.
2022 жылға арналған облыстық бюджет 357,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде кіріс – 44,3 млрд теңге, РБ-дан трансферттер– 115,1 млрд теңге, Алматы облысының бюджетінен аударылған трансферттер - 180,4 млрд. теңге.
2022 жылға шығыстар бойынша орындалу 343,9 млрд.теңгені (жоспарланған 357,1 млрд.теңге) немесе 96,3% құрады.
Облыс бойынша 2023 жылға арналған салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау болжамы 285,2 млрд теңгеге белгіленген, оның ішінде республикалық бюджет – 210,9 млрд теңге және жергілікті бюджет – 74,4 млрд теңге.
2023 жылға арналған облыстық бюджет 470,7 млрд теңге сомасында бекітілді, соның ішінде кіріс – 74,4 млрд., РБ-тен трансферттер – 375,6 млрд.
2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша орындалу
Салықтарды және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау 107,1%-ға орындалды, 89,1 млрд.теңге түсті, оның ішінде РБ – 65,8 млрд.теңге немесе 104,0%, ЖБ – 23,3 млрд.теңге немесе 117,1%, 3,4 млрд.теңгеге артығымен орындалды.
Шығындар бойынша орындалуы 119,0 млрд.теңге (жоспар 120,4 млрд.теңге) немесе 98,9%.
Тұрғын үй құрылысы
2022 жылы 295,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8% -ға жоғары (оның ішінде 19,3 мың шаршы метр - жалға берілетін тұрғын үй, 35,4 мың шаршы метр – коммерциялық тұрғын үй есебінен, 240,6 мың шаршы метр – халық есебінен).
2562 пәтерлік 325 (КТҮ-61, ЖТҮ-264) тұрғын үй құрылысына бюджеттен 29,7 млрд теңге бөлінді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,4 млрд теңге игерілді (ҰҚ – 1,7 млрд теңге, ІҚ – 8,3 млрд теңге, ЖБ – 9,4 млрд теңге).
230 пәтерлік 5 көппәтерлі жалдамалы үй және 50 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді (Алакөл ауданы – 60 көппәтерлі үй, 3563 ш.м., Қаратал ауданы – 30 көппәтерлі үй, 3097 ш.м., Кербұлақ – 50 жеке тұрғын үй, 3488 ш.м., Панфилов – әрқайсысы 60 пәтерлі екі үй, 7420 ш.м және Сарқан – 20 көппәтерлі үй, 1709 ш.м.).
Бағдарламалардың барлық бағыттары бойынша 714 отбасы баспана сатып алды («Шаңырақ» – 128, «7-20-25» – 55, «Нұрлы жер» сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер – 468, «Бақытты отбасы» - 45, демеушілер есебінен – 18) , оның ішінде 318 көп балалы отбасы және 289 әлеуметтік тұрғыда осал отбасы.
2023 жылы 2810 пәтерлік 67 көпқабатты тұрғын үй және 214 жеке тұрғын үй құрылысына бюджеттен 19,0 млрд.теңге бөлінді (ЖБ – 11,8 млрд. теңге, ІҚ – 7,2 млрд. теңге).
321,9 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде 166,6 мың ш.м. бюджет есебінен (488 пәтерлік 21 жалдамалы үй (42,5 мың ш.м) және 1504 пәтерлік 37 несиелік үй (121,6 мың ш.м) және жатақхана 2,5 мың ш.м.) , коммерциялық тұрғын үй - 21,1 мың ш.м. (233 пәтерлік 7 үй) , демеушілер есебінен – 16,4 мың ш.м. (180 пәтерлік 3 үй және 20 жеке тұрғын үй) және жеке тұрғын үй құрылысы – 117,8 мың ш.м.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 56,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6% -ға жоғары.
Ағымдағы жылы барлық бағыттар бойынша 3272 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған («Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй» – 1038, «Шаңырақ» – 1504, «Жетісу жастары» – 90, апатты жағдайдағы КТҮ иелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету (азаматтарды көшіру) – 232, Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алу – 208, демеушілер есебінен – 200), оның ішінде 958- і әлеуметтік жағынан осал және көп балалы отбасылар.
Инфрақұрылым (газдандыру, сумен жабдықтау, жолдар)
Облыста 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады, оның ішінде 22 елді мекен газдандырылды , 288 мың адам (41,2%) газға қол жеткізді.
Орталықтандырылған су жүйесімен - 323 (90,2%), орталықтандырылмаған су жүйесімен - 28 (7,8%), тасып әкелінген сумен 7 (1,9%) қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 2 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылады (Қаратал ауданының Бірлік ауылы, Бесағаш ауылы), орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 325 елді мекенге немесе 90,7%-ға жетеді.
2022 жылы жолдарды салуға және жөндеуге
24,2 млрд.теңге бөлінген, 7,3 км жолға күрделі жөндеу, 129,6 км жолға орташа жөндеу жүргізілген, автомобиль жолын маршруттық әдіспен жөндеу – 60,6 км.
Өткен жылы Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, «Талдықорған-Үшарал» (313,5 км) және «Үшарал-Достық» (184 км) автомобиль жолдарына асфальтбетон жабындысы төселіп, «Тальго» жүрдек пойызы жолға шықты.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 91% -ға жетті.
Республикалық маңызы бар жолдар бойынша
Облыс аумағында «Талдықорған-Өскемен» автожолының (287-615 км) құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, құрылыс-монтаждау жұмыстары 70%-ға аяқталды, «Үшарал-Достық» автомобиль жолының 0-90 ш. учаскесі (180 км) пайдалануға берілді.
Барлық учаскелер бойынша жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ «Сарыөзек-Көктал» автожолының «Алтын-Емел» асуының ұзындығы 23 шақырым (45-68 ш.) учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде , іске асыру мерзімі 2021-2023 жылдар, жалпы құны 10,2 млрд теңге. 2023 жылға дейін 1,9 млрд. бөлінген және игерілген.
Биыл 8,3 млрд теңге бөлінді, аяқталуы 2023 жылдың соңына жоспарланған. Сондай-ақ, 68-110 шақырым учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстарының құны 2,5 млрд теңге, мердігер мекеме анықталды, жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Көктал-Жаркент» автожолын жөндеу жұмыстары басталды (16 ш., 2023 жылға – 1,5 млрд. теңге). Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады.
2023 жылы облыстық маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөндеуіне 33,2 млрд теңге бөлінді, 10 шақырым жолды салу және қайта жаңарту, орташа жөндеу – 176,6 шақырым, ағымдағы – 65 мың шаршы метр жергілікті маңызы бар жолды жөндеу жұмыстары жоспарлануда, 34,4 ш. автожолдарды маршруттық әдіспен жөндеу және 73 елді мекендегі 249 ш. кентішілік жолдар.
Әлеуметтік сала
2022 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31,7 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат қамтылды, оның ішінде Ұлттық жоба аясында 17,5 мың өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азамат, оған 6,6 млрд теңге бөлінді (РБ – 955,6 млн. ҰҚ – 5087,1 млн. теңге, ЖБ – 588,1 млн. теңге) .
2023 жылға 13,8 мың адамға 8,8 млрд.теңге (РБ – 1,2 млрд., ЖБ – 7,6 млрд. теңге) бөлінді.
Облыс құрылған күннен бері 39 960 адам жұмысқа орналастырылды , оның ішінде тұрақты жұмысқа 19 180 адам (2022 жылы – 26851, оның ішінде 13016 тұрақты, 2023 жылдың 1 мамырына – 13109, 6164 тұрақты).
Облыста 764 білім беру ұйымы бар, оның ішінде 205 балабақша (мемлекеттік – 91, жекеменшік – 114) , 191 шағын орталықтар, 342 күндізгі жалпы білім беретін мектептер (3 – жекеменшік) және
26 колледж.
Облыс құрылғаннан бері білім беру саласында 2290 орындық 8 мектеп іске қосылды (2022 – 2050 орындық 6 мектеп, 2023 – 240 орын): Ақсу ауданының Сағакүрес а.(120) , Ортатөбе а. (180) , Қаратал ауданы Үштөбе қ. К.Тоқаев атындағы орта мектебіне жапсарлас құрылыс (200), Көксу ауданы Бесқайнар а. (120), Панфилов ауданының Басқұншы а. (300), Бөрібай би а. (110), Шежін а. (60) және
Талдықорған қ. (1200).
7 білім беру нысаны жөнделді, 2023 жылға 5,6 млрд теңгеге 8 нысанды (6 мектеп, балабақша және жатақхана) күрделі жөндеу жоспарланған. Жыл сайын 58 мектеп жаңғыртылады.
Денсаулық сақтау саласында өткен жылы Көксу ауданы Ақшатоған а., Еңбекшіқазақ ауылындағы 2 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілген.
Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 412,6 млн.теңгеге модульдік құрылымдар негізінде 12 медициналық пункт орнатылды (Ақсу ауданы Көкөзек а., Алакөл ауданы Еңбекші а., Көкжар а., Ескелді ауданы Қоржынбай а., Абай а.,Теректі а., Қаратал ауданы .Қарақұм, Үшкемей а., Кербұлақ ауданы Шаған а., Көкбастау а., Аралтөбе а., Көксу ауданы Жамбыл а.). Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Биыл Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында және Панфилов ауданының Жаркент қаласында 27 БМҚ, оның ішінде 2 жедел жәрдем станциясын орнату жоспарлануда.
2023 жылы 8,2 млрд теңгеге 13 спорт нысанын (оның ішінде Алакөл ауданының Достық, Лепсі ауылдарында және Текелі қаласында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (Алакөл ауданы Бескөл ауылында, Панфилов ауданы Үлкен Шыған а., Пенжім а., Үшарал а., Сарқан ауданы Алмалы а. 370 орындық), Сарыөзек ауылындағы стадион, Басши ауылындағы күрес залы, Кербұлақ ауылындағы Шанханай ауылы, Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы стадионды және Талдықорған қаласындағы орталық стадионды қайта жаңарту) салу жоспарлануда.
Сонымен қатар Талдықорған қаласында волейболға арналған оқу-жаттығу спорт кешенін салу жоспарлануда.
2022 жылы халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 51,3% -ды, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі облыс халқының жалпы санының 37,6%-ын құрады.
Мәдениет саласы бойынша 2023 жылы 4 нысанның (оның ішінде Алакөл ауылындағы Ақжар ауылындағы ауылдық клуб, Қаратал ауданы Кәлпе ауылындағы мәдениет үйі, Үштөбе қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайы және Ескелді ауданы Қоңыр а. ауылдық клубтың блок-модульдік кешені) құрылысына 1,9 млрд.теңге бөлінді.
10 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі, оның ішінде 2023 жылы 8 нысанды күрделі жөндеуге 2,6 млрд теңге бөлінеді ( Ақсу ауданы Көшкентал а., Кербұлақ ауданы Қарашоқы а., Жоламан а., Қоғалы а., Панфилов ауданы Головацкий а., Сарқан ауданы Алмалы а., Көктерек а. және Текелі қ. қалалық мәдениет үйі).
Облыстың 2025 жылға дейінгі даму перспективалары
Жетісу облысын одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту Мемлекет басшысының тапсырмалары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында белгіленген жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер аясында жүзеге асырылатын болады.
Облыста жаңа инвесторларды тарту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша 5 стратегиялық бағыт: агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіпті, соның ішінде жер қойнауын пайдалануды, көлік-логистиканы, туризмді және баламалы энергетиканы дамыту бойынша жұмыс жалғасады.
Ауыл шаруашылығы саласында басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын ұлғайту, суару желілерін қайта құру арқылы 30 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.
Қант өнеркәсібін дамыту аясында Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылға қарай егісті 2,9 есеге (4,2-ден 12,2 мың.га), жалпы жиналатын өнімді 434 мың тоннаға дейін (2022ж. – 187,6 мың тонна), қант өндірісін 180 мың тоннаға дейін (2022ж. – 70 мың тонна) арттыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, әртараптандырылған және инновациялық экономика құру мақсаты қойылды .
Бүгінде облыстың 2026 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде 7 мың жұмыс орны құрумен құны 1,6 трлн. теңге болатын 146 жоба бар.
Соның ішінде өнеркәсіпте облыстың аудандары мен қалаларында 45 серпінді инвестициялық жоба және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында 30 жоба іске асырылатын болады.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоспары аясында жыл сайынғы мемлекеттік қолдаудың арқасында 220-дан астам жобаны қаржыландыру, оның ішінде 108 жобаны субсидиялау, 88 жобаға кепілдік беру және 24 жобаға грант беру жоспарланған.
Туризм саласында Туристік картаға енгізілген аумақтарда: Алакөл, Балқаш көлдерінің жағалауында, «Алтын-Емел», «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде және Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан Текелі қаласында жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында облыста «Бұрқан бұлақ» сарқырамасына апаратын жолды қайта жаңарту және өңірде заманауи шаңғы және биатлон кешенін салу жобалары жүзеге асырылатын болады.
Жалпы, 2025 жылға дейін туризм саласына 79 млрд теңге инвестиция тартылады және туристік ағын 2,4 млн адамға жетеді.
Мұнымен қатар, көлік-логистикалық секторда заманауи инфрақұрылымды құру үшін ірі халықаралық серіктестерді тарту арқылы облыстың транзиттік әлеуеті кеңейіп келеді.
Осылайша, Достық стансасында «Достық-Алашаңқай» шекара өткеліне жақын жерде «Dostyk TransTerminal» ЖШС бастамашылығымен құны 16 млрд теңгені құрайтын, өткізу қабілеті жылына 2 млн тонна немесе 180-200 мың контейнерлер болатын көп функционалды жүктерді ауыстырып тиеу терминалы салынды, 180 жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ, «DOSTYK GATE» жеке индустриялық аймағын құру жоспарлануда. Компания өз қаражаты есебінен жалпы ауданы 116 гектардан асатын аумақта инженерлік коммуникациялар жүргізеді.
Сонымен қатар, «Достық» стансасында «DAR RAIL Infrastructure» компаниясы 225 жұмыс орнын құрумен құны 29 млрд теңгені құрайтын ауыстырып тиеу терминалын салуда (Еуразиялық топ). Жоба Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жылына 9 миллион тоннаға дейін жүк пен 300 мың контейнерді ауыстырып тиеуді, сақтауды және қоймалауды көздейді.
2020 жылдың қазан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ЕТТ Dostyk» ЖШС Достық станциясында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаның жалпы құны 12 млрд теңгені құрайды, 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды. Мультимодальдық теміржол көлігі-логистикалық орталығын іске қосу 2024 жылға жоспарланған. Бастапқы кезеңде жылына 150 мың контейнерге дейін ауыстырып тиеу қуаттары құрылады. Жүк тасымалы өскен сайын терминалдың өткізу қабілетін жылына 200 мың контейнерге дейін арттыруға болады.
Облыстағы өсу нүктелерінің бірі – «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы.
АЭА аумағында жалпы ауданы 1000 га болатын «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қала» индустриалды паркін салу бойынша ірі инвестициялық жоба жоспарлануда. Жалпы құны 330 млрд. теңгені құрайды.
Әлеуметтік-экономикалық сала серпінді дамитын болады. Жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар салынуда.
Денсаулық сақтау саласында биылғы жылы ауылдық жерлерде медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай арттыруға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы бойынша белсенді жұмыс басталады.
Оның аясында 2025 жылға дейін 59 нысан салу жоспарлануда, оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт.
Сонымен қатар, 2025 жылға дейін жергілікті бюджет есебінен 61 блокты-модульдік медициналық пункт, оның ішінде 2023 жылы 27 БМК, оның ішінде 2 жедел жәрдем станциясы (Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылы және Панфилов ауданының Жаркент қаласы) орнатылады .
Білім беру саласында оқушылар орнының тапшылығын жою және бейімделген мектептердің санын қысқарту мақсатында 21 жаңа мектеп, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8700 орындық 10 мектеп салу жоспарлануда. Оның ішінде 1800 орындық 2 мектептің құрылысы 2023 жылы басталады.
2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 98% -ға, 3-6 жастан 100%-ға жетеді.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100% -ға, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 98%-ға, газдандыру деңгейі 72%-ға дейін ұлғайтылады .
Осының барлығы бірігіп, облыс экономикасын жаңа даму деңгейіне көтеріп, 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімді 1,8 трлн.теңгеге жеткізуге мүмкіндік береді.
Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы