
Өткен жұмада облыс әкімінің орынбасары Жетісу Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Кеңеске облыстық мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева, құқық қорғау органдарының басшылары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, сондай-ақ онлайн режимде қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыс бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов өз есебінде хабарлағандай, өңірде сыртқы талдау барысында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, субсидиялау саласында, оның ішінде лизингке сатып алынатын техниканың құнын және фискалдық саланы асыра бағалауға байланысты. Осыған байланысты профилактикалық іс-шаралар шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиісті ұсынымдар ұсынылды. Сондай ақ отырыс барысында ауыл шаруашылығы басқармасы мен департамент басшыларының есебі тыңдалды