
Облыстық орыс орталығы Қазақстан халқы Ассамблеяның жұмысына, этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосып, славян этносының рухани және мәдени мұрасын, орыс мәдениетін сақтауға және дамытуға арнап жұмыс атқаруда.
03 мамыр күні Талдықорған қаласында Славян жазуы мен мәдениеті күндері аясында облыстық орыс орталығы «Жетісу шұғыласы» фестивалін өткізді.
Қатысушыларға халық шығармашылығы мен қол өнер шеберлері бұйымдарынан көрме – жәрмеңке ұсынылып, қолдан жасалған бұйымдар, моншақтан жасалған әшекейлер және тағы басқалар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Мерекенің ең кішкентай қонақтары үшін жеке алаңда аниматорлар мен ойын-сауық ойындары, түрлі байқаулар, викториналар мен жарыстар ұйымдастырылды.