
Талдықорған қаласында Мемлекеттік Тутұғыр жанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Туым – менің Отаным!» патриоттық акциясы өтті. Астана уақытымен сағат 11.00-де Мемлекеттік Гимн орындалды. Патриоттық акцияға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, белді қоғам мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, депутаттар, қала тұрғындары мен қонақтары, барлығы 1000-нан астам қатысты.
Андрей Кивилев атындағы велоспорттан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері мен танымал споршыларымыз бастаған велошеру ұйымдастырылды. Спортышлар Тутұғыр манына орталық алаңға дейін жүріп өтті.
Шарада патриоттық әндер шырқалды.