"Менің отаным- Қазақстаным" патриоттар форумы

"Менің  отаным- Қазақстаным"  патриоттар форумы

"Менің отаным- Қазақстаным" патриоттар форумы Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Тәуелсіздіктің басты нышандарын ұлықтау мақсатында бірқатар патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
1 маусым күні «Менің отаным - Қазақстаным» облыстық патриоттар форумы өтті. Форумда өңірдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар «Алғыс хат» және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Талдықорған қаласының Мұхтар Арын атындағы дарынды балаларға арналған арнайы №24 лицейінің оқушылары Мемлекеттік Гимнді орындады, жастар патриоттық тақырыпта өлеңдер оқыды, 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктері табысталды. Шара соңында патриоттық әндер орындалды.