
29 мамырда облыс әкімінің орынбасары Рустам Алидің төрағалығымен облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылу жай-күйіне облыстық инспекциялық топтың тексеруқорытындысы. Ақсу, Ескелді, Көксу аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы жайында мәселелер қаралды.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Башбаев облыстық инспекциялық топтың аймақтағы 49 мемлекеттік мекеме мен ұйымда жүргізілген зерделеу жұмыстары туралы баяндады.
Ақсу, Ескелді, Көксу аудандары әкімдерінің орынбасарлары есеп жасады.
Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Мемлекеттік рәміздер–Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы, халқымыздың бірлігі мен тұтастығын бейнелейтін атрибуттардың бірі ретінде кеңінен насихатталуы туралы, сондай-ақ рәміздерге байланысты жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар түсті. Комиссия төрағасының орынбасары Рустам Али мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуын қадағалап, оларды ауыстыру үшін мемлекеттік тапсырыс аясында уақытылы қаражаттың бөлінуі қажет екенін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.