
Бүгінгі таңда Жетісу облысында 539 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесіне ие. Медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалдың сарапшылары ағымдағы, мақсатты, жоспардан тыс, белсенді мониторингтер жүргізеді. Бұл туралы брифингіде филиал директоры Гүлзия Таипова баяндады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Спикердің айтуынша, әрбір адам Damumed және MISZHetysu мобильді қосымшалары арқылы өзінің амбулаториялық картасында көрсетілген медициналық көмек туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. «Азаматтар сұрақтары болса, қордың филиалына хабарласа алады немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты, Telegram қосымшасындағы @Saqtandyrýbot арқылы өтініш қалдыра алады», - деді Г.Таипова.
Жалпы ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қормен шарт жасасқан 60 медициналық ұйым ұсынады, оның 27-сі мемлекеттік, 33-і жекеменшік.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.