
21.05.2023ж
📌Конфессиялар мен этностар арасында келісімді сақтау мақсатында діни бірлестіктер арасында облыстық «Алтын доп» атты футбол жарысы өтті.
📌Жарысқа облыстың Алакөл, Панфилов, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратал, Ескелді аудандары және Талдықорған қаласынан жалпы саны 16 команда қатысты.
📌Нәтижесінде 3-орынды Панфилов ауданы (150 мың теңге), 2-орынды Алакөл ауданы (250 мың теңге), 1-орынды Көксу ауданы (400 мың теңге) иеленді.
📌Сондай-ақ, «Үздік ұйымдастырушы», «Үздік қақпашы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша 50 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді.