
2023 жылғы 19 мамырда жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының деректері бойынша, олимпиадаға Жетісу облысынан 16 оқушы қатысып, соның 11-і жүлделі орынға ие болды, 5 оқушы алғыс хатпен марапатталды.
Жүлдегер оқушылардың 70% - ауыл оқушылары.
Жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі