Жастарды шағын несиелеу бағдарламасы жайлы

Жастарды шағын несиелеу бағдарламасы жайлы

Жастарға арналған шағын несиелеу бағдарламасы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жүзеге асады.
Егер сіздің жасыңыз 21-35 аралығында болса және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізге 5 жылдан аспаса, онда осы бағдарламамен несие алуға үлкен мүмкіндігіңіз бар!

Несиелеудің шарттары: несие соммасы 5 млн теңгеге дейін,
жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 % құрайды, несие мерзімі айналысатын кәсібке байланысты. Егер мал шаруашылығымен айналыссаңыз – 7 жылға дейін, ал бизнестің басқа бағыттары үшін - 5 жылға дейін.

Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорасиясының» өңіріңіздегі филиалына хабарласып, құжаттарды тапсыруға, бағдарлама туралы толық ақпаратты «Атамекен» ҰКП аудан, қалалардағы филиалдарынан алуға болады!

Сондай-ақ, өтінімді мына мекен-жай бойынша: Талдықорған қаласы, 7 ш/а, 10 үй, Көктем Гранд Бизнес орталығына барып беруге болады.

Байланыс телефоны: 8 701 006 16 42.