
Бүгінгі күні бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше назар аударылады. Осы орайда Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы жеке кәсіпкерлік субъектілерін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2023» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Конкурстың негізгі маңыздылығы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мен бизнес-құрылымның еліміздің дамуына қосқан үлесін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін елімізде жария ету болып табылады.
Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі және мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Мұнда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады.
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
3) «Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда ҚР заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін»
Қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Сол сияқты конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітілген.
Байқауға қатысу өтінімдер мен ақпаратты 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй мекенжайында Басқармада қабылданады.
Облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлының айтуынша, үміткерлер барлық қажетті материалдарды облыстық еңбек инспекциясы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, экология департаментіне немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсына алады.